ГКП на ПХВ " Ленгер қалалық емханасы " УЗ Туркестанской области
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) — трансмиссивті жолмен таралатын табиғи-ошақты вирустық ауру. Қоздырғышы кенелердің ағзасында сақталып, ұрпақтарына беріледі және жануарларда (ірі және ұсақ қара мал, кеміргіштер, үй және жабайы құстар) паразиттік өмір сүреді.
Адам қалай жұқтырады? Адам КҚГҚ вирусын келесі жолдармен жұқтыруы мүмкін:
Ауру белгілері: КҚГҚ әдеттегі вирустық инфекция сияқты басталады:
Инкубациялық кезеңі 1–14 күн (орта есеппен 4–6 күн). Ауру екі кезеңде өтеді:
Бұл кезеңде науқас қоршаған ортаға қауіпті, өйткені вирус қан және дене сұйықтықтары арқылы таралуы мүмкін. Сонымен қатар, медициналық мекемелерде санитарлық нормаларды сақтамау нәтижесінде жұқтыру жағдайлары болуы мүмкін.
Жануарлар мен кенелер арасында КҚГҚ-мен күрес: Жануарларда ауру белгілері байқалмай өтетіндіктен, КҚГҚ-мен күресу қиын. Негізгі әдіс — жануарлар мен олардың мекендейтін жерлерін акарицидтермен (кенелерді жоятын химиялық заттар) өңдеу.
Жеке қауіпсіздік ережелері:
Медициналық мекемелерде инфекцияның алдын алу: Медицина қызметкерлері инфекциялық бақылау шараларын қатаң сақтауы тиіс:
Бұл шараларды сақтау КҚГҚ-ның таралу қаупін азайтады. Сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда!