Бас дәрігердің үндеуі

Абенов Қабылет Бақтыбайұлы
Басшы
Құрметті әріптестер!
Сіз денсаулығыңыз туралы ойланып, біздің емханаға жүгіндіңіз — осы қадамыңызбен бізге өміріңізді сеніп тапсырдыңыз. Біз таңдауыңызды жоғары бағалаймыз және емхана ұжымы атынан сеніміңізді ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынымызға сендіремін.
Емханамызда денсаулығыңызға байланысты мәселелерді шешуге бар күші мен білімін жұмсайтын жоғары деңгейдегі мамандар жұмыс істейді. Жыл сайын емхана қызметі дамып келеді: көрсетілетін медициналық қызметтердің ауқымы кеңеюде, жаңа буындағы диагностикалық және емдеу жабдықтары енгізілуде, ғылыми жұмыстар жүргізіліп, жаңа шешімдер іздестірілуде.
Бүгінде адамзат сыртқы ортаның көптеген жағымсыз факторларынан зардап шегуде: сапасыз өнімдер, қолайсыз экология, күйзеліс. Өз денсаулығыңыз бен балаларыңыздың денсаулығын сақтау үшін зиянды әдеттерден ертерек бас тартып, салауатты өмір салтына көшуді ұсынамын. Денсаулығыңызды қадағалап, кез келген ауру кезінде дәрігерге жүгініңіз. Есіңізде болсын, ауру ауыр мәселеге айналмай тұрып, оның алдын алған дұрыс.
Мамандарға жүгінуден қорықпаңыз!
Біз сіздерге әрдайым ашықпыз және білікті медициналық көмек көрсетуге дайынбыз!
Құрметпен, бас дәрігер.
