Міндеттер
Осы міндеттерді орындау үшін қалалық емхана ұйымдастырады және өткізеді:
Жіті және кенеттен болған аурулар, жарақаттар, уланулар және басқа да жазатайым оқиғалар кезінде науқастарға алғашқы және шұғыл медициналық көмек көрсету;
Денсаулық жағдайы мен ауруының сипатына байланысты емханаға келе алмайтын, төсек режиміне, дәрігердің жүйелі бақылауына немесе ауруханаға жатқызу мәселесін шешуге мұқтаж науқастарға үйде дәрігерлік көмек көрсету;
Ауруларды ерте анықтау, емханаға жүгінген науқастар мен дені сау адамдарды білікті және толық көлемде тексеру;
Халыққа емханадағы амбулаториялық қабылдауда да, үйде көмек көрсету кезінде де уақтылы және білікті дәрігерлік көмек көрсету;
Стационарлық емдеуге мұқтаж адамдарды аурудың бейініне сәйкес алдын ала барынша толық тексеріп, уақтылы ауруханаға жатқызу;
Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары, ми қан айналымы бұзылыстарының салдары, тірек-қимыл аппараты аурулары мен зақымдары бар науқастарды қалпына келтіру емін жүргізу. Бұл емді қалпына келтіру емі бөлімшесінде шоғырландырып, тиісті кабинеттердің мамандарын: кардиологты, невропатологты, ревматологты, травматологты және басқаларды тарту;
Профилактикалық тексерулердің барлық түрлерін (жұмысқа қабылданар алдындағы, мерзімдік, нысаналы және т.б.) бірыңғай жүйені барынша пайдаланып, негізінен емхананың профилактика бөлімшесінде өткізу;
Халықты диспансерлеу, соның ішінде денсаулық жағдайын динамикалық бақылауға жататын адамдарды (дені сау және науқас) іріктеу. Аурудың сипаты мен ағымына қарай білікті тексеру мен жүйелі емдеуді қамтамасыз ету, олардың еңбек және тұрмыс жағдайларын зерттеу, қажетті профилактикалық шараларды әзірлеу және іске асыру;
Жасөспірімдердің: жұмыс істейтін жасөспірімдердің, кәсіптік-техникалық училищелер оқушыларының, орта арнаулы және жоғары оқу орындары студенттерінің денсаулық жағдайын динамикалық бақылау, олардың еңбек және тұрмыс жағдайларын зерттеу; емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу;
Эпидемияға қарсы іс-шараларды (СЭС-пен бірлесіп) өткізу: екпелер егу, жұқпалы ауруы бар науқастарды анықтау, жұқпалы науқаспен байланыста болған адамдар мен сауығып келе жатқан адамдарды динамикалық бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық станцияға хабарлау және т.б.;
Науқастардың (жұмысшылар мен қызметшілердің) уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздығына сараптама жүргізу, еңбекке жарамсыздық парақтарын беру және ұзарту, басқа жұмыс учаскелеріне ауыстыруға мұқтаж адамдарға еңбек жөнінде ұсынымдар беру, санаторийлік-курорттық емдеуге іріктеу;
Еңбекке қабілеттілігін тұрақты жоғалту белгілері бар адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларына (МӘСК) жіберу;
Қызмет көрсетілетін халық, жасөспірімдер және өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу, гигиеналық тәрбие беру.
Емхана персоналы мен бөлімшелерінің қызметін есепке алу. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бекіткен нысандар бойынша есептер жасау және емхана қызметін сипаттайтын статистикалық деректерді, соның ішінде жалпы сырқаттанушылықты және жұмысшылардың уақытша еңбекке жарамсыздығымен байланысты сырқаттанушылықты талдау.
Дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар.
