Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бес жылға арналған уақытша шара ретінде — 2019 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген. 2024 жылдан бастап бұл төлем түрінің қолданылуы тоқтатылады.
2024 жылы сақтандырылған мәртебесін жоғалтпау үшін азаматтар:
• Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын төлей алады.
• Дербес төлеуші ретінде 1 ЕТЖ мөлшерінің 5%-ын төлей алады.
«Бірыңғай жиынтық төлемнің негізгі мақсаты — өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне тарту. Бұл төлемдері төмен жеңілдікті кезең болды. Жеке тұлғалардың кірістерін декларациялау кезең-кезеңімен енгізіліп жатқандықтан, бұрын өз қызметін тіркемеген азаматтар кәсіпкер ретінде тіркелуі керек», — деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Фазыл Копобаев.
